Ваш верный спутник по столице Казахстана: заведения, события и новости Астаны
«Қыз Жібек» этно-фольклорлық мюзиклі
Стоимость: от 500 тг.
Қазіргі уақытта халықаралық гастрольдік сапар аясында «Қазақконцерт» мемлекеттік концерттік ұйымының «Astana Musical» театры жəне «Астана сазы» ансамблі «Ұлы Дала театры» атауымен «Қыз Жібек» этно-фольклорлық мюзиклін Еуропаның ірі қалаларында ұсынуда. Жас болса да, қадамы қарышты тұңғыш қазақстандық мюзикл театры Берлин, Париж, Канн, Брюссель, Вена, Мəскеу қалаларында өнер көрсетіп, жергілікті халықтың ыстық ықыласына бөленуде. Еуропа халқының қазақстандық өнерге білдірген құрметі ерекше. Еуропа жұртшылыңын тәнті етіп, театр сыншыларынан жоғары баға алған мюзикл 16−17 желтоқсан күндері сағат 18:00 де «Қазақстан» Орталық концерт залында қойылып, Тәуелсіздік мерекесіне орай Елорда тұрғындары мен қонақтарына ерекше тарту болмақ.Бұл бастама арқылы халықаралық мәдени қауым қазақ халқының ең үздік классикалық туындыларымен танысып, қазақ мәдениетінің көркемдігі мен тереңдігі, рухани болмысы мен асқақтығын дəріптейді.Келіңіздер! Көріңіздер!"


Комментариев пока нет — будьте первым.